29 бөлмеден тұратын музейде кіші ақсарай, үлкен ақсарай деген бөлмелері бар. Кіші ақсарайдың астында-қылует бар.
ERNUR.KZ. Кентау қаласындағы іргетасы ХVIII ғасырдың соңында қаланған «Шаммат-Ишан» мешіт-музейі басында мазар, кейін мешіт, медрессе болған. Одан кейін 1982 жылға дейін ғимарат бос қалады. Содан бері біраз өзгеріске түсіп, талай дүниелер ұрланып, жоғалып кеткен көрінеді.
Қарнақ ауыл тұрғындары мен тарих пәнінің мұғалимі Бекташ Мырзаев музей ашуға жәдігердер жинай бастайды.
Музей 2005 жылы ашылып, оған бүгінге жеткен құнды дүниелер,ата-бабамыздан қалған тұрмыстық бұйымдар, бағалы кітаптар, әртүрлі заттар қойылған.
Музейдің есік-терезесі ауыстырылып, кірпіштері де ескісімен арластырып жаңадан қаланған. Тек өзгермеген, әлі күнге дейін қол тимеген төбедегі шатыры ғана.
29 бөлмеден тұратын музейде кіші ақсарай, үлкен ақсарай деген бөлмелері бар. Кіші ақсарайдың астында-қылует бар.
Жаздың шілдесінде 40 күн келіп осы жерде құлшылық жасайтын болған. Деректерге қарағанда мұнда Құнанбайдың өзі келіп құлшылық жасаған екен.
«Шаммат-Ишан» музейіне Өзбекстан, Татарстан, Америкадан туристер көп келеді екен, әсіресе Түркиядан келушілердің қызығушылығы басым.