ОҚО-да шағын несие ұйымдары кәсіпкерлерді шығындануға мәжбүрлеп жүр

0
1 670

«АШҚҚҚ» АҚ және «Ырыс» МҚҰ» өкілдері кәсіпкерлерді Шымкент қаласындағы «Премиум Бағалау» және BION GROUP бағалау компанияларында ғана бағалау жүргізуге мәжбүр етеді.


ОҚО-да шағын несие ұйымдары кәсіпкерлерді шығындануға мәжбүрлеп жүр

ОҚО Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болды. Кездесу барысында кәсіпкерлердің агроөнеркәсіптік бағдарламаларды дамыту аясында несиелеу бойынша қаржы институттары тарапынан жасаған кедергісі әңгіме арқауына айналды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Сабира Адамбекова кейінгі кездері кәсіпкерлердің «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Микроқаржы ұйымы» «Ырыс» ЖШС қаржы ұйымдары қызметіне арыз-шағымдар көптеп келіп түскенін айтты.

Атап айтқанда, кәсіпкерлерге кепілдік мүлікті сақтандыруды және бағалауды «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ОҚО филиалы мен «Ырыс» микроқаржылық ұйымы ЖШС-і анықтап берген сақтандыру және бағалау компанияларында ғана жүргізуге мәжбүрлейді. Мысалы, Түркістан қаласында екі бағалаушы компаниялардың болуына қарамастан «АШҚҚҚ» АҚ және «Ырыс» МҚҰ» өкілдері кәсіпкерлерді Шымкент қаласындағы «Премиум Бағалау» және BION GROUP бағалау компанияларында ғана бағалау жүргізуге мәжбүр етеді.

Кәсіпкерлік микро кредиттеу туралы өтініштерді қарастыру алдында үлкен шығындарға ұшырайды – кепілдікті бағалау, нотариалды куәландыру т.б. Көптеген жағдайларда жұмсалған шығындардан кейін кепілдік бағасының бағаланбауы немесе комиссия қарыз беруден бас тартады. Кәсіпкерлердің құжаттарды дайындау кезіндегі шығындары кәсіпкердің қайтарылмайтын шығыны болады. Мұның барлығы да қаржы институттарының бергілі бір қызметтерін алу кезіндегі отандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қаржы ұйымдары тарапынан туындаған кедергілер.

Сонымен қатар Шымкент мектептеріндегі жарға алушылардың шағымы да бар екен. Олардың айтуы бойынша жалға алған мектеп асханаларын мемлекеттік орган мәртебесі жоқ, қоғам қайраткерлері, блогерлер, тұтынушылар құқығын қорғау сияқты бірлестіктердің түрлі өкілдері тексереді екен. Кәсіпкерлердің айтуынша «тексерушілер» ешқандай құжат ұсынбастан кәсіпкерлерге қысым жасап, шағымдармен қорқытатын көрінеді.

Дегенмен Елбасының 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 205 Жарлығымен мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын тек мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Осы Жарлықтың негізінде басқа тұлғаларға тексеруге тиым салынған. Жиында осындай мәселелер талқыланды.