ОҚО-да тәртіп сақшылары көше шамдарының аккумуляторын ұрлауды кәсіпке айналдырған бірнеше қылмыстық топты ұстады

0
1 200

Ұрланған заттарды олар металл қабылдайтын орынға өткізіп, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсап отырған. Келтірілген жалпы шығын көлемі миллион теңгеден астам.


ОҚО-да тәртіп сақшылары көше шамдарының аккумуляторын ұрлауды  кәсіпке айналдырған бірнеше қылмыстық топты ұстады

ERNUR.KZ. Мақтарал ауданында белгісіз біреулер көше шамдарының аккумуляторын ұрлап, мемлекетке миллион теңгеден астам залал келтірген. Амалы таусылған жергілікті әкімшілік қызметкерлері тәртіп сақшыларына арызданған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мақтарал АІІБ 1ПБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында көше шамдарынан аккумулятор ұрлауды кәсіп қылған екі қылмыстық топты қолға түсірді.

Олар 20-25 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. Арасында бұрын сотталғандар да бар. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың аккумулятор ұрлығының 20 жайтынақатысы барын анықтады.

Ұрланған заттарды олар металл қабылдайтын орынға өткізіп, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсап отырған. Келтірілген жалпы шығын көлемі миллион теңгеден астам.