ОҚО-да ер азаматты бұзақылық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырды

0
1 141

Ол төбелес кезінде ауылдасын іш тұсынан өткір затпен жаралаған.


  ОҚО-да ер азаматты бұзақылық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырды

ОҚО-ның Мақтарал ауданында 29 жастағы ер азамат аудандық соттың шешімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол төбелес кезінде ауылдасын іш тұсынан өткір затпен жаралаған,- деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

"Мақтарал АІІБ-ның кезекші бөліміне хабарлама келіп түскен, онда ауруханаға дене жарақатымен 1991 ж.т. ер азамат жеткізілгені көрсетілген. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері анықтағанындай аудандағы елді мекендердің бірінде бұзақылық кезінде жәбірленуші іш тұсынан өткір затпен жараланғаны белгілі болды. Аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдіктіні ұстады, ол 1989 ж.т. жергілікті тұрғын болып шықты. Аталған жайт бойынша тергеушілер «бұзақылық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, істі сотқа жолдады",-делінген хабарламада.

Сот үкімімен 29 жастағы азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды.