ОҚО-да жұмысқа тұрғызамын деп жұрттың 5 миллион теңгесін алып кеткен алаяқ ұсталды

0
998

Тергеу барысында ұсталған күдіктінің алаяқтықтың 10 жайтына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығынның шамамен 5 миллион теңгеден болып отыр.


ОҚО-да жұмысқа тұрғызамын деп жұрттың 5 миллион теңгесін алып кеткен алаяқ ұсталды

Мақтарал полицейлері алаяқтықпен айналысқан 28 жастағы азаматты ұстады. Өзін құқыққорғау органының қызметкерімін деп таныстырған азамат ауылдастарынан жұмысқа орналастырамын деп ақша алып, уәдесін орындамаған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Тергеу барысында ұсталған күдіктінің алаяқтықтың 10 жайтына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын шамамен 5 миллион теңгедей.

"Мақтарал АІІБ 1 ПБ-нің кезекші бөліміне ондаған жергілікті тұрғындар арызданған, онда бейтаныс ер азамат жұмысқа тұрғызып беремін деп алаяқтық жолмен ақшаларын алып кеткенін көрсеткен. Жәбірленушілердің бірі арызданғандай, алаяқ өзін құқыққорғау органының қызметкерімін деп таныстырып, жұмысқа тұрғызып беремін деп сеніміне кіріп, жарты миллионнан астам теңгесін алып, алдап кеткен", делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Аталған жайт бойынша алаяқтық бабымен полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, жинақталған құжаттарын сотқа жолдады.