ОҚО-дағы танымал университетте мұғалімді пышақтап тастады

0
3 903

Пышақталған əйел М.Əуезов атындағы ОҚМУ нің экономика факультетінің оқытушысы болып шықты.


ОҚО-дағы танымал университетте мұғалімді пышақтап тастады

ERNUR.KZ. Қанды оқиға мамырдың 11-не сағат 16 шамасында болған. Ерлі-зайыпты арасындағы жанжал соңы өліммен аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Пышақталған əйел М.Əуезов атындағы ОҚМУ нің экономика факультетінің оқытушысы болып шықты. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі пышақталған əйелді облыстық клиникалық ауруханаға жеткізген. Алған дене жарақаттарынан əйел тілге келмей ауруханада қайтыс болған.

"Əйелдің кеуде тұсынан 5 рет пышақ жарақаты болған. Біреуі тура жүрекке тиген. Халі тым ауыр болатын. Науқас ота үстінде көз жұмды", - дейді жедел жәрдем қызметінің кезекші дəрігері.

Қанды оқиғаға марқұмның күйеуі күдікті деп танылған. Пышақталып жантəсілім еткен əйел 1987 жылы туған.