ОҚО полицейлері 5 жыл бұрын жасалған қылмысты ашты

0
1 554

Шымкенттегі түрмелердің бірінде жасазып өтеп жүрген 29 жастағы жігіт осыдан бес жылғы қылмысты айтып қалған.


ОҚО полицейлері 5 жыл бұрын жасалған қылмысты ашты

ОҚО полицейлері 2013 жылдың сәуір айында Кентау қаласында жаалған қарақшылық қылмысты ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкенттегі түрмелердің бірінде жасазып өтеп жүрген 29 жастағы жігіт осыдан бес жылғы қылмысты айтып қалған.

Сол кезде беттеріне бетперде киіп, қаруланған төрт белгісіз тұлға 1949 жылғы азаматшаның үйіне терезеден түсіп, үй иесінің аяқ-қолдарын байлап тастап, ұрып-соғады. Содан соң темір сейфтегі 1 миллион теңге ақшасы мен алтын бұйымдарын алып кетеді.

Тергеп-тексеру жұмыстары барасында ол аталған қылмысты жалғыз істемегенін және «тентек Мура», «Тутрин» лақап атты тұлғалармен бірлесе жасағанын айтады. Полицейлер бес жылдың ішіндеаталған тұлғаларға қатысты тиісті дәлелдерді жинақтайды.

Жоғарыдағы дерек бойынша атқарылған тергеп-тексеру жұмыстары нәтижесінде 2018 жылдың қаңтар айында қылмыскерлер толық кінәсін мойындайды.

Семей қаласындағы жазаны өтеу мекемесінде қамауда отырған «тентек Мура» Шымкент қаласына ауыстырылып, «Тутрин» Түркістан қаласынан қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша күдіктілерге қатысты Кентау ҚІІБ-мен ҚР ҚК-нің «қарақшылық» бабымен айыптау актісі түзіліп, сотқа жолданған.

Кентау қалалық соты «тектек Мураны» 20 жыл 6 айға, «Н» есімді қылмыскерді 12 жылға және «Тутринді» 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдайды.

Қазіргі таңда қылмыскерлер жазасын өтеу үстінде.