ОҚО: Сарыағаш ауданында ұрлық жасаған адам жазадан босатылды

0
1 954

Қылмыстық істі қарау барысында сотталушы жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласып, оған келтірілген зиянды қалпына келтіргені анықталды. Осы орайда жәбірленуші сотталушыға кешірім беріп, соттан істі тоқтатуды сұрады.


ОҚО: Сарыағаш ауданында ұрлық жасаған адам жазадан босатылды

ERNUR.KZ. Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 3)-тармағымен айыпталып сотқа берілген сотталушы азаматқа қатысты қылмыстық ісін қысқартылған тәртіппен қарады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталушы жәбірленушінің үйіне заңсыз кіріп, жатын бөлмедегі шкафтан ақша мен зергерлік бұйымдарды жасырын жымқырып, жалпы 340 000 теңгеге материалдық зиян келтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Қылмыстық істі қарау барысында сотталушы жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласып, оған келтірілген зиянды қалпына келтіргені анықталды. Осы орайда жәбірленуші сотталушыға кешірім беріп, соттан істі тоқтатуды сұрады.

Бұл ретте сотталушы қазаға ұшыратумен байланысты емес ауырлығы орташа қылмысты жасағанын, ол жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқанын және оған келтірілген материалдық зиянды қалпына келтіргенін назарға алып, сот ҚР ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде іс бойынша іс жүргізуді тоқтатып, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатты.

Үкім заңды күшіне енген.