ОҚО: Созақ ауданында өңірлік өнім көлемі артып келеді

0
1 738

Аудан басшысының айтуынша, аймақта өткен жылы 242 млрд. 642 млн. 900 теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндірілген. Оның ішінде, өнеркәсіп саласы бойынша -218 млрд. 64 млн. 800 мың теңге, ауыл шаруашылық саласының үлесі - 11 млрд. 266 млн.теңгені құрады.


ОҚО: Созақ ауданында өңірлік өнім көлемі артып келеді

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында өткен жылы жергілікті бюджетке 6 млрд. 763 млн. 590 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 108,5 пайызға орындалды. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов мәлім етті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аудан басшысының айтуынша, аймақта өткен жылы 242 млрд. 642 млн. 900 теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндірілген. Оның ішінде, өнеркәсіп саласы бойынша -218 млрд. 64 млн. 800 мың теңге, ауыл шаруашылық саласының үлесі - 11 млрд. 266 млн.теңгені құрады.

«Аудан экономикасына өткен жылы 39 млрд. 9 млн. теңге инвестиция тартылып, 2016 жылмен салыстырғанда 121,8 пайызға артты. Аудандағы индустриалды аймақта жалпы құны 1 млрд. 204 млн. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылып, жұмыс жүргізілуде. Аудандағы индустриалды аймақтың инфрақұрылымына 290,1 млн теңге жұмсалса, бүгінгі таңда салық есебінен жұмсалған қаржы толықтай бюджетке қайтарылған», - деді Салыхан Сабырұлы.

Көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 78 млн. теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптама алуға ұсынылып отыр. Созақ ауданы бойынша 35 елді мекеннің 23-не ауыз су құбыры жүргізілген. Оның ішінде 16-на ауыз су тәулігіне 24 сағат берілсе, қалған 7 елді мекенде су кестемен берілуде.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асыру толығымен атқарылуда.

«Былтыр кәсіптік оқытуға 355 адам жіберілсе, биыл 145 адамды қысқа мерзімді оқуға жолдау жоспарлануда. 2017 жылы жеке ісін ұйымдастыру және кеңейтуге 65 адам 189 млн. теңгеге шағын несие алды. Биылғы жылы 34 адам 204 млн. теңге шағын несиемен қамтылатын болады», - деді Салыхан Полатов.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» шеңберінде өткен жылы 1525 жаңа жұмыс орны ашылып, кешенді жоспарды іске асыру аясында 2500-ден астам адам қамтылған. Ағымдағы жылы бағдарлама аясында 800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.