ОҚО-ғы кеден бекеттерінен «Астана-1» ақпараттық жүйесі арқылы 3 мыңға жуық тауарға декларация ресімделген

0
1 512

Тауарларды автоматты түрде шығаруды іске асыру, бизнес үшін уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау, брокерлердің қызметтерін төлеу және т.б. шығындар сияқты қосымша шығындардың қысқаруына әкеледі.


 ОҚО-ғы кеден бекеттерінен «Астана-1» ақпараттық жүйесі арқылы 3 мыңға жуық тауарға декларация ресімделген

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан 10 кеден бекетінен «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі арқылы 2 914 тауарға арналған декларация ресімделген. Оның ішінде 533 импорт болса, 2 381 декларация экспорт бойынша болып отыр,-деп хабарлайды ERNUR.KZ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Еске салсақ, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан бойынша «АСТАНА-1» ақпараттық жүйе іске қосылған болатын. Бұл «транзит», «экспорт», «импорт» және т.б. бірнеше бөліктерге бөлінген, импорттық-экспорттық операцияларға бақылау жүргізумен байланысты барлық мемлекеттік органдар интеграцияланған жүйе.

Тауарларды ресімдеу барысында жүйе автоматты түрде «жасыл» дәлізді анықтауда, тауарлар ақпараттық жүйемен автоматты түрде лауазымды тұлғаның қатысуынсыз 1 минут ішінде шығарылады. Ал «сары» дәлізді анықтауда, лауазымды тұлғамен электронды түрде қосымша құжаттар мен мәліметтер сұралса, «қызыл» дәлізді анықтауда, кедендік бақылаудың қосымша түрлері қолданылуы қажет болса, «көк» дәлізді анықтауда, тауарлар шығарылғаннан кейін тексеру жүргізіледі.

Тауарларды автоматты түрде шығаруды іске асыру, бизнес үшін уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау, брокерлердің қызметтерін төлеу және т.б. шығындар сияқты қосымша шығындардың қысқаруына әкеледі.

Жүйеге «бір терезе» қағидасы тағы енгізілген, ол бойынша жүйеде кедендік бақылаудан басқа барлық мемлекеттік бақылау түрлері: ветеринарлық, фитосанитарлық, санитарлық-карантиндік, көліктік және салықтық бақылаудың кейбір түрлері жүргізіледі.

Жүргізіліп жатқан шаралар сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға барынша ыңғайлы жағдайлар жасайды және кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау процесстерін жылдамдатады. Сондай-ақ, сыртқы сауда көлемінің өсуіне, еліміздің мемлекеттік бюджетіне жағымды әсерін тигізеді.