Ордабасы ауданын да туристік бағытқа енгізу керек - мәжіліс депутаты

0
705

Туристік нысандар жетекші партияның және депутаттардың бақылауына алынатын болды.


Ордабасы ауданын да туристік бағытқа енгізу керек - мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаттары Ордабасы ауданына іссапармен барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылы, 27 тамызда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері – Дархан Мыңбай мен Құдайберген Ержан Түркістан облысы, Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барды.


Кездесуде Дархан Мыңбай даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасов кешенінің құрылысы тоқтап қалғанын туралы мәселеге де тоқталды. Қаржы тапшылығына сәйкес, құрылысы кешеуілдеген туристік нысан жетекші партияның және депутаттардың бақылауына алынатын болды. Дархан Қамзабекұлы Сарыағаш-Шымкент-Түркістан туристік бағытына Ордабасы ауданын да енгізу керектігін де тілге тиек етті.