​Ордабасы ауданында «Ашық есік күні» өткізілді

0
1 280

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарымен электронды форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


​Ордабасы ауданында «Ашық есік күні» өткізілді

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен қолданыстағы салық және кеден заңнамаларының талаптарын түсіндіру мақсатында, ауданның тұрғындарына «Ашық есік күні» өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ашық есіктер күні бойынша жасалған үрдіске 24 салық төлеушілер жүгініп, негізінен оларға салық және кедендік әкімшілендіру жаңалықтары бойынша түсіндірмелер берілді.
Салық төлеушілерді негізгі өзекті мәселелер ретінде кәсіпкерлікті тіркеу және есептен шығару, салық салу режимін өзгерту, салық есептілігін тоқтата тұру процесі, сондай-ақ, а.ж. онлайн режимдегі БКМ қолдану тәртібі, әрекетсіз заңды тұлғаның таратылуы, ҚҚС бойынша тіркелу есебінен шығу, мүліктік кіріс, жергілікті салықтарды есептеу және төлеу мерзімдері бойынша сұрақтар қойылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарымен электронды форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында, ауданның салық төлеушілері мен тұрғындары тарапынан қойылған барлық сұрақтарына басқарма қызметкерлерімен толық жауаптар берді.

Дереккөз: Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі