Ордабасылық бүлдіршіндердің тосын сыйы

0
2 471

​ERNUR.KZ. Бүгін Ордабасы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылар мен балабақша бүлдіршіндері аудандағы барлық мекемеде еңбек етіп жүрген аға-әпкелерін «Алғыс айту» күнімен құттықтап, тосын сый жасады.


Ордабасылық бүлдіршіндердің тосын сыйы

ERNUR.KZ. Бүгін Ордабасы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылар мен балабақша бүлдіршіндері аудандағы барлық мекемеде еңбек етіп жүрген аға-әпкелерін «Алғыс айту» күнімен құттықтап, тосын сый жасады.

Түрлі ұлт өкілдерінің балалары қазақ еліне, Қазақстан жұртшылығына жүрекжарды лебіздерін жырға қосып, шын ниетпен алғыс айтты. Сонымен қатар, жеткіншектер флешмоб билеп, балабақша тәрбиеленушілері өз қолымен жасаған тілек қағазын таратты.

Ордабасы ауданы әкімі Рашид Қайыпжанов бөбектерге мұндай сый үшін ризашылығы шексіз екенін білдірді. Әр отбасыға ізгілік пен жақсылық тілеп, сондай-ақ осындай балаларды дүниеге алып келіп, тәрбиелеп отырған ата-аналары мен балабақша ұжымына алғысын жеткізді.