Ө.ШӨКЕЕВ: «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы тиімділігін дәлелдеді

0
2 448

2019 жылдан бастап облыста «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы қолға алынды.


Ө.ШӨКЕЕВ: «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы тиімділігін дәлелдеді

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, «Жартытөбе» ауылдық округі «Тәуекел» шаруа қожалығында «Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін арттыруда – бір алқаптан 2-3 өнім алудың тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ашық аспан астында ұйымдастырылған шараға Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, ғалымдар, аудан/қала, ауыл округтері әкімдері, агроқұрылым басшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Дәстүрлі шарада ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тұқым, тыңайтқыштар, гербицидтер жеткізушілер өнімдері мен асыл тұқымды «Гиссар» қойларының көрмесі таныстырылды.

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндеттер көп. Соның негізгісі – ауылшаруашылық өндірісін тұрақты дамыту, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайта отырып саладағы еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру. Осыған орай, 2019 жылдан бастап облыста «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы қолға алынды.

Өткен жылы бұл бағытта 128 ауыл округте 5,2 мың гектарға 2 мың жоба жүзеге асырылып 262,5 мың тн. өнім өндірілді. Нәтижесінде қосымша 18,4 млрд.тг өнімі өндірілді. Тәжірибе көрсеткендей, жобаның тиімділігі жылына 1 гектардан 7 - 8 млн. тг дейін табыс табуға болатындығын көрсетті, яғни 2- 2,5 есеге артық өнім алуға болады. Түркістан облысында егістік алқаптардан алынған өнімнің онлайн саудасы дамыды.

«Облыстағы жылыжайлардың 35 пайызы осы Сарыағаш ауданына тиесілі. Біз, өнімді ең ерте алатын өңірміз. Сатудың да қиындығы жоқ. Арнайы сайттар бар. Солардың санын көбейту керек. Өнімді өздері алып кетеді. Бір алқаптан 2-3 өнім алуды қолға алғанда көбі сенімсіздікпен қараған болатын. Қазір біз осының тиімділігін дәлелдедік, деуге болады. Үй іргесінде табыс табу үшін израильдік технология енгізілді», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Климаттық орналасу, жұмыс күші тұрғысында Түркістан облысы Қазақстандағы ең қолайлы өңір болып табылады. Облыста 71 мыңға жуық шаруашылықтар бар, бұл - Республиканың 35 %. Былтырғы жылы ауыл шаруашылығы салаларын дамыту бойынша 8 облыстық, республикалық семинар-кеңестер өткізіліп, агроөнеркәсіп субъектілерін озық технологияларды енгізуге ынталандыру, ақпараттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Осы бағыттың тиімділігіне орай, ағымдағы жылы 6 мың гектарға 2760 жобаны жүзеге асыруды жұмыстары басталды. Қазіргі таңда 1622 жоба бойынша 3,4 мың гектарға бірінші өнім егілді.

«Ауыл шаруашылығын көтеру үшін жаңа технологияны енгізу керек. Әсіресе үлкен шаруашылықтарда. Нөлдік технологияға өту қажет. Жаңбырлатып суаруды Түркістан төңірегінде көрсетіп жатырмыз. Біздің жерге өте қолайлы әдіс. Суды үш есе үнемдейді, өнімді 4 есе көп береді. Сондай-ақ Түркістанда Қазақстандағы ең үздік сүт фермасы болады. Қазіргі технология бойынша аз ғана жерде 10 мың басты ұстауға болады», - деді облыс әкімі.

Семинар кеңес қорытындысымен, облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Жаһандық мәселеге екендігіне назар аударып, ішкі сыртқа нарықта бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту мақсатында аудан/қала әкімдері мен агроқұрылым басшыларына жаңа технологиялар мен инновацияларға қарқынды бет бұру шараларын қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.