"Отбасымен коронавирус жұқтырды": Түркістандық үш тұрғын жалған ақпарат таратқан

0
1 082

Олар Еуропада саяхаттап келген.


Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан қаласының полиция департаментіне жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз тұлғалар WhatsApp мессенджері арқылы оның отбасымен коронавирусты жұқтырғаны туралы жалған ақпарат таратып жібергенін көрсетті. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тексеру кезінде жәбірленуші отбасымен бірге Еуропада саяхат жасағанын хабарлады. Ал, Алматы қаласына келген соң әйел мен оның отбасын дәрігерлер толық тексеруден өткізіп қарап шығып, карантинге жатқызуға еш негіз болмаған.
Үйге келгеннен кейін де, Түркістан қалалық емхана мен СЭС қызметкерлері бұл отбасымен байланыс орнатып тексереді, бірақ күні бүгінге дейін аурудың белгілері және басқа да ауру түрлері анықталмаған. Қазіргі уақытта жәбірленуші мен оның отбасы мүшелері бақылаудан алынды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратқан Түркістан қаласының үш тұрғынын анықтады. Күдіктілер өз әрекетін толық мойындап, өкінетіндіктерін жеткізді. Олар бұл хабарды туыстары мен жақындарын ескерту үшін таратқанын түсіндірді. Осы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер істің толық мән-жайын анықтауда.