ПРАЙМЕРИЗ: Түркістандық журналист көпбалалы аналардың мәселесін көтермек

0
898

«Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы.


ПРАЙМЕРИЗ: Түркістандық журналист көпбалалы аналардың мәселесін көтермек

Түркістандық Нұржамал көпбалалы аналарды мәселесін көтергелі жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында праймериз жоғары деңгейде өтіп жатыр. Партияның барлық филиалдарында үміткерлер құжаттарын тапсыруда. Солардың бірі Майусова Нұржамал Әбілжанқызы "Nur Otan" партиясының осы бастамасы қоғамда демократияны дамытуға тың серпін береді деген ойда.

Нұржамал ханым 1973 жылы Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында дүниеге келген. Өзі — журналист. Көпбалалы ана. "Nur Otan" партиясының белсенді мүшесі. «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Созақ ауданында ғана емес, облыс көлемінде қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып жүрген Нұржамал Әбілжанқызы праймеризден және одан кейінгі іріктеулерден өтіп, мандатқа ие болса, көпбалалы аналардың мәселесін көтермек.

"Еліміздегі көпбалалы отбасылар көп облыс Түркістан екенін білесіздер. Біз демографияны жақсарту үшін ана мен баланың жағдайын жасап, құқығын қорғауымыз керек. Қыз-келіншектерге әлеуметтік және психологиялық көмек қажет. Оларды кәсіпкерлікке баулыған жөн. Осы бағытта жұмыс жүргіземін", -дейді ол.