Нұр-Сұлтан қаласы Президент клиникасының жоғары дәрежелі мамандары (кардиохирург және ангиохирург) тегін қабылдау жүргізеді.
2021 жылдың 30 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Шымкент және Түркістан қалаларында Нұр-Сұлтан қаласы Президент клиникасының жоғары дәрежелі мамандары (кардиохирург және ангиохирург) тегін қабылдау жүргізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Менің сүйікті дәрігерім» көшпелі акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Президенттік клиниканың ангиохирург дәрігері Талғат Сәрсембаев Шымкент қаласында пациенттерді тегін қабылдайды.
Мекенжайы: Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық аурухана.
Қабылдау 01.10.2021 – 02.10.2021 ж. күндері сағат 09:00-18:00 (түскі үзіліс 13:00-14:00) аралығында жүргізіледі.
Консультациялық қабылдауға қажетті құжаттар:
▪️ Жеке басты куәландыратын құжат,
▪️ Тамырлардың УДДГ (ультрадыбыстык доплерография),
▪️ КТ (компьютерлік томография) дискісі немесе қорытындысы бар аортография,
▪️ барлық үзінділер, анализдер, тексерулер, талдаулар және т. б.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы Президенттік клиниканың дәрігерлері Түркістан қаласында да пациенттерді тегін қабылдайды. Атап өтсек, Ермағамбет Қуатбаев – жоғары санатты кардиохирург, медицина ғылымдарының кандидаты, Президенттік клиника директорының хирургия жөніндегі орынбасары және Талғат Сәрсембаев – жоғары санатты ангиохирург.
Мекенжайы: Түркістан қалалық ауруханасы (емхана).
Қабылдау 30.09.2021 ж. күні сағат 09:00-18:00 (түскі үзіліс 13:00-14:00) аралығында жүргізіледі.
Консультациялық қабылдауға қажетті құжаттар:
▪️ жеке басты куәландыратын құжаты;
▪️ кардиохирургтің қабылдауына: ЭКГ, ЭхоКГ (жүректің УЗИ-i) хаттамасы, коронарография/КТ (компьютерлік томография) дискісі және барлық үзінділер, анализдер, тексерулер, талдаулар және т.б;
▪️ ангиохирургтің қабылдауына: тамыр УДДГ (ультрадыбыстық доплерография), КТ (компьютерлік томография) немесе аортография дискісі және барлық үзінділер, анализдер, тексерулер, талдаулар және т.б.
Қабылдау және жазылу туралы толық ақпарат алу үшін +7 701 710 9916 нөміріне хабарласыңыз.