САЙЛАУ-2021: Түлкібастық үміткер кәсіпкерлермен кездесті

0
2 014

Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі.


САЙЛАУ-2021: Түлкібастық үміткер кәсіпкерлермен кездесті

Бүгін Түлкібас аудандық мәслихат депутаттығына үміткердің бірі – Асан Мадияр Асхатұлы Жаскешу ауылының тұрғыны, сауда саттық жолында халықа қызмет көрсетіп жүрген жеке кәсіпкердің үйінде қонақта болды.

Жеке кәсіпкер өз тарапынан кәсіпкерлікті дамыту саласында қолдау білдіріп келе жатқан мемлекетке алғысын білдірді. Кандидат "Түлкібас Транс Сервис" ЖШС директоры Мадияр Асхатұлы Түлкібас ауданы бойынша «Nur Otan» партиясыныңсайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Сайлауалды бағдарлама 5 жылға арнап құрылған және онда ауданды дамытудың 7 басым бағыттарыны көзделген. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау болып табылады. Сайлауалды бағдарламада кәсіпкерлік саласы да қалыс қалмаған.

Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, ауданадағы кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды, ауданның жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі артты. Алайда, COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті.
Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
  • жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен 3 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға және бизнесін жаңадан бастаушы 2 азаматқа грант ұсынуға;
  • жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 2021 жылы 2 жоба, 2022 жылы 3 жоба, 2023 жылы 4 жоба, 2024 жылы 5 жоба, 2025 жылы 6 жобаны қайтарымсыз мемлекеттік грантпен қамтуға;
  • «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның жеңілдетілген субсидиялау, кепілдендіру тетіктері арқылы 2021 жылы 8 жоба, 2022 жылы 9 жоба, 2023 жылы 10 жоба, 2024 жылы 11 жоба, 2025 жылы 12 жобаны іске сыруға;
  • «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жыл сайын жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 250-ге жуық азаматтарға 15 стартап гранттар мен 33 жоба бойынша несие алуына жағдай жасауға (мал шаруашылығына, балық, құс өсіруге, кәсібін кеңейтуге);
  • мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 200-ден аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға және бизнес жобасына сәйкес қаржыландыруды жүзеге асыруға;
  • «Оңтүстік» АИО» ЖШС, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС,«АШҚҚҚ» АҚ-ның, Аграрлық несие корпорациясы және шағын несие ұйымдары арқылы 350 жобаны несиелендіруге;
  • «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 2012 жылы 12 жоба, 2022 жылы 14 жоба, 2023 жылы 16 жоба, 2024 жылы 18 жоба, 2025 жылы 20 жобаны ұсынуға, ірі кәсіпорындардың сервистік қызметпен (құрал жабдық, азық-түлік және т.б.) қамтитын шағын кәсіпкерлікті дамытуға;
  • ауданның жалпы өңірлік өнімнің көлеміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2021 жылы 37,5%-дан 2025 жылы 40,0%-ға, 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер үлесін 98,0%-ға арттырып, жұмыскерлер санын 18,1 мыңға жеткізуге ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға дейін шағын және орта кәсіпкерлер үлесі 98,0%-ға артып, өндірілген өнім көлемі 2,1 есеге өседі, яғни 80,7 млрд. теңгеге, ал ондағы жұмыскерлер саны 18,1 мыңға жетеді. Қонақ сайлауалды бағдарламамен таныстыру соңында жеке кәсіпкерді отбасымен 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға бірауыздан дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Түлкібас ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді