Салтанат Тұрсынбекова Кентаудағы зауыт жұмысшыларымен жүздесті

0
508

«Сіздерді ешбір депутаттан немесе шенеуніктен кем емес қорғау керек» -Тұрсынбекова.


Салтанат Тұрсынбекова Кентаудағы зауыт жұмысшыларымен жүздесті

Кандидат Салтанат Тұрсынбекова Кентаудағы зауыт жұмысшыларымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова оңтүстіктегі екінші өңір – Түркістан облысында болды. Мұнда ол ең алдымен 1100-ге жуық адам еңбек ететін Кентау трансформатор зауытына барды. Зауыт - ТМД-дағы трансформаторлық жабдықтарды шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі. Зауыттың кадрлық статистикасына сүйенсек, барлық жұмысшылардың 30 пайызын әйелдер құрайды.


«Зауыт – бұл ең алдымен жұмыс орны. Сіз белгілі бір түпкілікті өнімді жасай отырып, маңызды жұмыс атқарыып жатырсыз. Сіздердің еңбектеріңіз елдің жалпы ішкі өнімінде тікелей көрініс тауып отыр. Сіздер экономикалық белсенді халықсыздар. Әрқайсыңыздың еңбектеріңіз заң деңгейінде ешбір депутаттан немесе шенеуніктен кем емес қорғалуы тиіс. Айта кету керек, зауытта жұмыс істеп жүргендер тек ер адамдар емес. Кәсіпорынның жетістіктеріне әйелдер де үлкен үлес қосады», - деді кандидат.


Сондай-ақ, Салтанат Тұрсынбекова еңбек етіп жүрген азаматтардың өмірін жақсы жаққа өзгерткісі келетінін баса айтты. Баяндамашы өзінің сайлауалды бағдарламасымен бөлісіп, онда ең төменгі жалақы мен күнкөріс деңгейін арттыру (зейнетақы жинақтары, жәрдемақылар және шәкіртақылар), көп балалы және қиын өмірлік жағдайдағы отбасылардың қарыздарын есептен шығару, жалғызбастылардың мәртебесін заңнамалық тұрғыдан бекіту туралы ұсыныстар айтылды. Толық емес отбасы мен жас отбасыларға ипотека алу кезінде жеңілдіктер мен субсидиялар енгізу және т.б. ұсыныстарын жеткізді.