Сарағаштық келіншек 12 адамды миллиондаған ақшаға "отырғызып" кетті

0
1 058

Жұмысқа тұрғызамын, интернет бизнеске тіркеймін деп ақшаларын жымқырып кеткен.


Сарағаштық келіншек 12 адамды миллиондаған ақшаға

иллюстрациялық фото

Түркістан облысының полицейлері 12 тұрғынды алдаған алаяқтыққа күдікті жас әйелді ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын, жас жігіт арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, өзіне жақсы таныс емес тұрғын оның сеніміне кіріп, Ақтау қаласындағы фирманың біріне “жұмысқа орналастырып беремін” деп уәде етіп, өтеуіне қомақты ақша сұраған. Содан жәбірленуші алаяқтың сұрағанын беріп, алданып қалған. Оған қоса, жәбірленуші өзінің сыныптасына бұл ұсынысты айтып, оны да алаяқтың арбауына түсірген. Осылайша жәбірленушілердің әрқайсысы алаяққа 220 000 теңгеден беріп, ақшасыз қалған.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Аудандық тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, сыныптастарды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шаралар жасалды. Куәгерлерден жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, бір күн ішінде ұсталды. Ол жергілікті тұрғын, өз кінәсін толық мойындады. Күдіктінің бас шарасы қолхатпен босатылды.

Өкінішке орай, қазіргі қоғамымызда алаяқтарға алданып қалған осындай жайттар көптеп орын алып жатыр. Сарыағаш ауданында алаяқтықтың тағы бір түрі тіркелді. Бұл жолы Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті бірнеше тұрғын арызданған. Жәбірленуші әйелдердің айтуынша, оларды таныс емес жас әйел “белгілі бір компанияға интернет-бизнес жасауға тіркеп беремін” деп алдап, сенімдеріне кіріп, ақшаларын жымқырған. Бизнестің деңгейіне байланысты біреуі 175 000 теңге берсе, енді бірі 35 000 теңге, келесілері 350 000 теңге берген.

Алаяқ сөзінде тұрмай, жәбірленушілер мүлдем компанияға тіркелмеген және ақшалары қайтарылмаған. Сол себепті полицейлерге арызданып, көмектесуін сұраған.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркелді. ТЖәбірленушілердің айтуымен күдікті анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында анықталғандай, ол осылай алаяқтық жолмен 12 тұрғынды алдаған. Жәбірленушінің барлығына келтірілген шығын көлемі 2 500 000-ге жуық теңгені құрады.

Күдіктінің 3 жасар баласы барына байланысты қолғатпен босатылған.