Сарыағаштағы шипажайлар өткен жылы 84 мың адамға қызмет көрсеткен

0
3 312

Бүгінде сауықтыру туризмін дамыту мақсатында «Сарыағаш» курорт аумағынан бір қатар жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Сонымен бірге ат туризмі, велотуризм мен мәдени-тарихи туризмді дамыту алға қойылған мақсаттардың бірі.


Сарыағаштағы шипажайлар өткен жылы 84 мың адамға  қызмет көрсеткен

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында минералды және термалды суларды пайдалану арқылы сауықтыру туризмі дамып келеді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шипалы суымен әлемге танылған Сарығаш курортына келіп ем алушылардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Қазіргі таңда аталған ауданда 26 емдік сауықтыру орталықтары қызмет көрсетсе, оларда өткен жылы 84 мыңнан астам адам ем алып, дерттеріне шипа тап-қан.

Бүгінде сауықтыру туризмін дамыту мақсатында «Сарыағаш» курорт аумағынан бір қатар жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Сонымен бірге ат туризмі, велотуризм мен мәдени-тарихи туризмді дамыту алға қойылған мақсаттардың бірі.

Олардың айтуынша, курорт аумағынан жеке инвесторлар есебінен жалпы құны 9 710,0 млн. теңгені құрайтын 9 жоба іске асырылу жоспарлануда екен. Нәтижесінде 600 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жобада шипажай, қонақ үй, автотұрақ, ашық және жабық бассейн, спа – орталық пен конференц-зал қарастырылған.

Ал өткен жылы туризм саласы бойынша жалпы құны 635 млн теңге болатын3 жоба іске қосылып, 128 жұмыс орны ашылды.