​Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

0
1 758

Кездесу барысында жастарға ашаршылық және қуғын -сүргін құрбандары жөнінде әңгімелер қозғалды.


​Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

ERNUR.KZ. «Қоғамдық келісім» мекемесінің Сайрам аудандық филиалы аудандық орталық кітапханамен бірлесіп Ақсукент ауылындағы аудандық орталық кітапханада саяси қуғын -сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қаралы жылдар елесі» тақырыбындағы шара өткізді.

Іс-шараға ОҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының қызметкерлері, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, саяси қуғын -сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысты. Сондай-ақ аналар кеңесінің төрайымы, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, студент жастары, кітапхана басшысы және қызметкерлері, БАҚ өкілдері болды.

Кездесу барысында жастарға ашаршылық және қуғын -сүргін құрбандары жөнінде әңгімелер қозғалды. Сонымен қатар жастардың отаншылдық рухын оятып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу, адамзат баласы өз тарихын ешқашан ұмытпауы керек екендігі айтылды.