Шөкеев пен Түймебаев Жетісайда мақта теріп жүр (видео)

0
2 866

Түркістан облысында мақта терімі басталғалы да айға жуық уақыт болды. Осыған орай "Ақ алтын" бағасы да тұрақтанып келеді.


Шөкеев пен Түймебаев Жетісайда мақта теріп жүр (видео)

Жетісай ауданына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мақта алқабында диқандарға көмектесіп мақта терді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Видео Баян Анарбаеваның жеке парақшасынан алынды

Естеріңізге салар болсақ, бүгін Жетісайға іс-сапармен келген сала министрі алдымен Ж.Ералиев ауылдық округінде орналасқан «Нұралы жол» шаруа қожалығының комбайнмен мақта терім жұмыстарының барысымен танысқан болатын.

1996 жылы құрылған аталған қожалықта бүгінде 497 гектар егістік жер бар. Оның 180 гектарына мақта, 253 гектарына бақша дақылдары, 37 гектарына жоңышқа, 27 гектарына дәндік жүгері егілген. Мұнан соң Өмірзақ Естайұлы Қарақай ауылдық округінде орналасқан «Кетебай» өндірістік кооперативінің егістік алқабын аралап көрді.

Әрі «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы машиналық каналдың №1,№2 су тартқыш насостық станциясы арасындағы өзекті мәселе болып тұрған 9 шақырымдық /габионды бөлігі/ су өткізу қабілетінің техникалық жағдайын көрді. Өз кезегінде аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев биылғы ағын су тапшылығын болдырмауда аталған каналдың үлкен көмегі тигенін тілге тиек етті.