Шымкент: «Әкімдіктің жол картасы» жобасы таныстырылды

0
1 406

Шымкентте қалалық әкімдіктің жол картасы жобасы таныстырылды. Мәжілісте қала әкімі Нұрлан Сауранбаев атқарушы органның барлық жұмысы жаңа жүйе бойынша жүргізілетінін айтты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ қалалық әкімдікке сілтеме жасап.


Шымкент: «Әкімдіктің жол картасы» жобасы таныстырылды

Шымкентте қалалық әкімдіктің жол картасы жобасы таныстырылды. Мәжілісте қала әкімі Нұрлан Сауранбаев атқарушы органның барлық жұмысы жаңа жүйе бойынша жүргізілетінін айтты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Әкімдіктің 2018 жылға жоспарланған жұмысы негізгі 5 бөлімге бөлінді.

Біріншісі - ағымдағы жұмыс. Яғни, бюджетті игеру, 151 индикатордың орындалуы, орындаушылық тәртіп (ішкі және сыртқы хаттар). Екінші - проблемалы орындар. Үшіншісі - халық алдындағы есепті міндеттер. Оның ішінде халықты толғандыратын мәселелер - тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жол және қоғамдық көлік, қоғамдық қауіпсіздік, әлеуметтік салалар бар. Төртінші бағыт - тапсырмалардың орындалуы. Мысалы, Металлургшілер және Фосфоршылар сарайын қаланың меншігіне қайтару. Бесіншісі - қаланың даму жоспары. "Әкімдіктің жол картасы" жобасына осы мәселелер еніп отыр.

Қала әкімі Шымкенттің дамуы туралы да баяндады. Алдағы уақытта қаланың жасыл белдеуі, «Қауіпсіз қала», «Ақылды қала», «Кедергісіз орта» жобалары дами береді. Сондай-ақ, қалалық әуежай, Арбат, Шымкент-сити және шаһардың цитаделі секілді жаңа жобалар да қолға алынбақ. Жоспардағы міндеттерді іске асыруда жұмыс концепциясы жасалатын болды.

Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық саласындағы үлкен мәселе - монополистер мен жаңа абоненттер арасындағы түйткілдердің шешімін табу қажет. Осыған орай Шымкенттің әкімі құбырдан абоненттің үйіне дейін қосу жұмыстарын монополист мекемемен бірлесіп атқаруды тапсырды. ТҮКШ бөліміне, бұған қоса, жекеменшік трансформаторлар мәселесін шешу де тапсырылды.

- Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі қазіргі таңда мұндай мәселені «Оңтүстік жарық Транзитке» сілтейді. Ал олар мәселені шеше алмайтындарын айтады. Соның салдарынан екі ортада халық қиналады, - деді қала әкімі.