Екі жарым мыңнан астам жан-жануары Шымкенттегі зообақ тағы төртеуге толықты. Мұндағы қоңыр аюлар төлдеді. Қаңтар айының басында «Зина» есімді аю екі конжықты дүниеге әкелсе, арада екі аптадан өткен соң «Люся» есімді аю екі конжық туған.
Екі жарым мыңнан астам жан-жануары Шымкенттегі зообақ тағы төртеуге толықты. Мұндағы қоңыр аюлар төлдеді. Қаңтар айының басында «Зина» есімді аю екі конжықты дүниеге әкелсе, арада екі аптадан өткен соң «Люся» есімді аю екі конжық туған. Алайда зообақ қызметкерлері бұл жаңалықты көпшілікпен енді бөлісіп отыр. Себебі жаңа туған қонжықтардың дүниеге келгенін алғашында қызметкерлер де аңғармапты. Кейін конжық санын да анықтау қиындық туғызған. Өйткені аю өте қызғаншақ аңдардың қатарынан болғандықтан ешкімге төлін көрсетпеген. Қазірдің өзінде де ешкімді маңына жолатпай, қонжықтарын қорғаштап жүр екен. Зообақ мамандары әлі күнге дейін дүниеге келген қонжықтардың жынысын білмей әлек.
Ақпарат ретінде айта кетейік, бұған дейін жануарлар бағында 11 аю болған. Оның екеуі Тянь Шянь аюы болса, қалғаны қоңыр аюлар. Қазіргі таңда зообақта аю саны 15-ті құрап отыр.