Шымкентте 30 жасқа дейін табысты кәсіп ашқан жастар кездесті

0
2 446

Кездесу барысында ОҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров жас кәсіпкерлерге 1000 отандық тауарөндірушілерді қамтитын палата шығарған «ONTUSTIK ONIMDERI» каталогын таныстырды.


Шымкентте 30 жасқа дейін табысты кәсіп ашқан жастар кездесті

ERNUR.KZ. Облыстық жастар ресурстық орталығында ОҚО Кәсіпкерлер палатасы «Сенің жобаң туралы барлығы білуі тиіс!» атты Шымкент қаласындағы жас кәсіпкерлер құрылтайы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Құрылтай кәсіпкерлерге өздері туралы мәлімдеме жасап, өз жобаларын таныстыруға жақсы мүмкіндік туғызды. Кездесу барысында ОҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров жас кәсіпкерлерге 1000 отандық тауарөндірушілерді қамтитын палата шығарған «ONTUSTIK ONIMDERI» каталогын таныстырды. Каталогта 3 тілде компаниялар туралы толық ақпарат, мекен-жайлар, ЭҚЖЖ, СЭҚ ТН коды, өнімдердің фотосуреттері мен нөмірлері көрсетілген. Сонымен қатар қаржы институттары өз тарапынан жастар бизнесін несиелендіру бағдарламаларын ұсынды.

«Жастар ресурстық орталығынан ашылған «IT Park Shymkent» жобасы арқылы өз бизнесін бастауға ұмтылған жастар бизнес негіздерін тегін оқи алады және өз жобаларын іске асыру үшін инвестиция тартуға көмектесеміз. Қазіргі таңда 873 жазылушымыз бен өз мақсатына жеткен жобаларымыз бар. Сонымен қатар, екінші «Praxis» порталы арқылы қазіргі таңдағы болып жатқан тренингтерді қазақ тілінде онлайн режимде оқи алады. Біз жастарға өз кәсібін ашуға көмектесуге дайынбыз», - деді «IT Park Shymkent»жобасының негізін құрушы, жас кәсіпкер Азиз Есжанов. (87781935853)

Құрылтайда 30 жасқа дейін өз кәсіптерін ашқан жас кәсіпкерлер: Асыл Жананов - «Pillikan»,Тохтар Әлімбеков - «Chaplin's Group», Нұрсұлтан Сейсембаев - «Beren Apparel», Санжар Алтыбаев - «HITECH INC», Еділ Жүнісов - «Давай Сходим», Рауан Омар - «KORIZZA», Данияр Мамырханов және Аят Әзімов - «Salem Company Kazakhstan», Шыңғыс Алдияров - «Biletron», Азиз Есжанов - «IT Park Shymkent» жобаларымен таныстырды.

Айта кетейік, құрылтайдың басты мақсаты - кәсіпкерлер мен инвесторлар арасындағы тиімді серіктестікті дамыту. Құрылтай өз бизнесін ашуды жоспарлап жүрген жас кәсіпкерлерге тиімді жоба таңдауға, қаражат пен ресурстарды тартуға мүмкіндік береді.