Бір қуантарлығы теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалғандары жоқ. Арасында сынақтан сүрінбей өтіп, барлық теңгені олжалаған спортшылар да бар.
ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада ұмыт қалған элементтер ескеріле отырып, ұлттық ойын түрлерінің сан алуандығы мен ережелері түсіндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Алаңға сәйгүліктерін баптап, аттың құлағында ойнайтын, өңірімізге белгілі жас спортшылар келген. Олар жиналған қауымға алдымен ұлттық спорттың бірегейі «Қыз қуу» ойнын көрсетті. Екі тарап та бір-біріне есе жіберген жоқ.
Ұлттық ойындар байқауы мергендік сынының бір түрі жамбы ату жарысымен жалғасты. Жүйрік аттың екпінін бәсеңдетпестен, нысананы көздеген спортшылар сайыстың бұл түрінен де ептіліктерін көрсете білді.
Көрермендерді қиқуға бастырған, ұлттық спорт түрі ол – Теңге ілу болды. Қатысушылардың барлығы атқа мықтылығы мен ат үстіндегі денесін игеріп, билей алатындығын көрсетке білді. Бір қуантарлығы теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалғандары жоқ. Арасында сынақтан сүрінбей өтіп, барлық теңгені олжалаған спортшылар да бар. Ойын соңында көңілі көтерілген көпшілік қатысушыларға алғыс айтып, биік шыңдардан көрінуін тіледі.