Шымкентте "Діни ағымсыз Қазақстан" шеруі өтті

0
1 980

"Бәйдібек би" ескеркіші алаңында Оңтүстік Қазақстан облыстық дін істері басқармасы және дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен жиналған жастар қолдарына "Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы", "Соқыр сенім бүлікке бастайды", "Сақ бол - ағым қасірет" деген жазуы бар плакаттар алып шықты.


Шымкентте

фото: azattyq.org

10 сәуірде Шымкентте жүзге жуық студент "Діни ағымсыз – Қазақстан!" атты шеру өткізіп жатыр деп хабарлайды Азаттық.

"Бәйдібек би" ескеркіші алаңында Оңтүстік Қазақстан облыстық дін істері басқармасы және дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен жиналған жастар қолдарына "Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы", "Соқыр сенім бүлікке бастайды", "Сақ бол - ағым қасірет" деген жазуы бар плакаттар алып шықты.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Самат Сапарбаевтың айтуынша, облыста теріс діни ағымда жүрген екі мыңнан аса адам бар.

- Теріс діни ағым өкілдері жастарға кері әсерін тигізіп жатыр. Мысалы, мектепте діни үлгіде орамал тағатын оқушылар әлі бар. Бүгінгі іс-шараның өзі осы проблема бар екенін еске салып, мәселені шешуге жастарды шақыру, - дейді Самат Сапарбаев.

Теріс діни ағымға қарсылық білдіруге жиналған жастар автобуспен Шымкенттің орталық көшелерімен шерулетіп өтіп жүр. Олар орталықта орналасқан жоғары оқу орындарына барып, түсіндіру жұмыстарын бастады.