Шымкентте «Этномәдени медиация» тақырыбында семинар-тренинг өтті

0
1 217

ERNUR.KZ. Шымкенттегі «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы ОҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесе этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау мәселелері бойынша «Этномәдени медиация» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Іс-шара медиация институтын дамытуға үлес қосу, бағыт-бағдарды жетілдіріп, құқық мәдениеті жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған.


Шымкентте  «Этномәдени медиация» тақырыбында семинар-тренинг өтті

ERNUR.KZ. Шымкенттегі «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы ОҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесе этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау мәселелері бойынша «Этномәдени медиация» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Іс-шара медиация институтын дамытуға үлес қосу, бағыт-бағдарды жетілдіріп, құқық мәдениетін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған.

- Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Көп ұлтты еліміздегі халықтың бірлігін нығайтып, қоғамдық келісімді сақтау мақсатында, әлеуметтік өзекті мәселелерді анықтап, оларды реттеуде ҚХА медиация жұмысына маңыз беруде. Біз бүгін алға қойылған міндеттерді орындау жолдары мен тәсілдерін талқылау мақсатында жиналып отырмыз, – деді «Нұр Отан» партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бердіқұл Садықов.

Кездесу барысында этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау және нығайту нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау, әлеуметтік шиеленістерді болдырмау жайы айтылды. Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.