Шымкентте кімдердің ұзақ өмір сүретіні белгілі болды

0
1 399

Шымкентте ұзақ өмір сүрушілердің гендерлік құрамы бойынша әйелдер ұзақ өмір сүреді екен. Шымкенттік ұзақ жасаушы 20 қарттың 18-і әйел, деп xабарлайды қалалық әкімдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ERNUR.KZ.

Қарт аналардың барлығы да тыл еңбеккері немесе батыр аналар. Бүгінгі таңда Шымкенттің ең қарт тұрғынының жасы 111-де. Ол ағымдағы жылы айтулы мерейтойын тойлаған Гүлшешек Колаева. Қарт тұрғын «Күміс алқа» иегері. Қарт шымкенттіктер қатарына жататын тағы екі тыл еңбеккері Алпа Есжанова мен Назым Мамбеталиева 109 жаста. Айша Назарқұлова – 106 жаста, ол да тыл еңбеккері. «Алтын алқа» иегері Шырын Абдуллаева болса 103 жаста, батыр ана Қанаш Күзербаева, тыл еңбеккерлері Хабиба Файзиева және Хайриниса Татаровалардың да жасы 103-те. Үш тыл еңбеккері Айша Абдуллина, Ұлшым Байботаева, Нагима Бекқараева және «Күміс алқа» иегері Ұфан Күләнбаевалар болса, 102 жасқа толған.
Тыл еңбеккерлері Орынкүл Әділбекова, Мария Сидоренко және батыр ана Сатқын Отарбаевалар – 101 жаста. Екі тыл еңбеккері Кеңескүл Бақбай, Мария Ковальчук және «Күміс алқа» иегері Бибісара Ержанова ғасыр өмір сүргендер қатарында. Қарт тұрғындар тізіміне енген екі қария: Бостан Раимбеков – 105 жаста болса, Нигмат Гареев – 102 жаста.