Шымкентте «Наурыз көктем - Шымқала» айтысы басталды

0
3 265

Шымкенттегі «Түркістан» сарайында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі аясында «Наурыз көктем -Шымқала» айтысы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. Шымкент қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан биылғы айтыстың ерекшелігі – дәстүрлі түрде дода бағытында емес. Елімізге танымал айтыс өнерінің майталмандары Оңтүстік өңірінің тұрғындарына бұрын соңды болмаған айтыс-шоуды назарына ұсынбақ.

Айтысқа елімізге белгілі айтыскер ақындар (14 айтыскер, 7 жұп) қатысады. Айтыстың шымылдығын ашқан бірінші жұп Бекарыс Шойбеков пен Сырым Әуезхан болды. Оңтүстіктің айтыскері Анар Жаппарқұл мен Әсет Дүйсебаев рухани кешті жалғай түсті. Ал үшінші жұпта Батыс Қазақстан облысынан келген Талғат Мықи мен талдықорғандық Сара Тоқтамысова. Батыс Қазақстан облысының айтыскері Мұрадым Мирланов пен оңтүстіктік Жарқынбек Наушабеков төртінші жұпта шықпақ. Елордадан арнайы келген Балғынбек Имашев пен жерлесіміз Нұрлан Есенқұлов бесінші жұпта өнер көрсетеді.

Астаналық адуынды ақын Жандарбек Бұлғақов пен Ақтөбе облысынан ат терлетіп жеткен Данияр Алдаберген алтыншы жұп. Дүбірлі айтыстың соңғы жұбы астаналық Айнұр Тұрсынбаева мен оңтүстіктің орақ тілді ақыны Қажымұқан Абзалов болмақ.

Айтыс барысында 7 жұптан соң, «Құлманбет айтыс» өнері көрерменнің назарына ұсынылмақ.