Шымкентте екі жігіт қарияны тонап кетті

0
1 501

Шымкент қаласы 16 мөлтек ауданының жаяу жүргіншілер жолағында кетіп бара жатқан 67 жастағы әйелді тонап кеткен,- деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД баспасөз қызметін сілтеме жасап.


Шымкентте екі жігіт қарияны тонап кетті

иллюстрациялық фото

Шымкент қаласы 16 мөлтек ауданының жаяу жүргіншілер жолағында кетіп бара жатқан 67 жастағы әйелді тонап кеткен,- деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД баспасөз қызметін сілтеме жасап.

Күдіктілер жәбірленушіге оның үйінің жанында шабуыл жасап, оның қолынан 300 мың теңгеден асатын бағалы заттары бар сөмкесін тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкенттің полицейлері екі күдіктіні ұстады. Олар 1992 және 1993 ж.т. облыс орталығының тұрғындары болып шықты. Алдын-ала анықтау барысында күдіктілердің тонаудың 10 жайтына қатысы бар екендігі белгілі болды.

Арампиғылдылар қарсылық білдіруге әлі келмейтін, жалғыз жүрген әйелдерге шабуыл жасайтын болған. Олар өз құрбандарын аңдып, қолдарындағы сөмкелерін тартып алып, қашып кетіп жүрген.

Күдіктілердің бір айда жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 600 000 теңгеден астам болып отыр.

Аталған жайт бойынша «тонау» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда.