​Шымкентте Елбасының жобасын қолдау акциясы өтті

0
1 595

ERNUR.KZ. Шымкенттегі «Әл-Фараби» Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Challenge. Сенің жаңа қырың. Другой ты» атты жобасын қолдау акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


​Шымкентте Елбасының жобасын қолдау акциясы өтті

ERNUR.KZ. Шымкенттегі «Әл-Фараби» Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Challenge. Сенің жаңа қырың. Другой ты» атты жобасын қолдау акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оған қаладағы жоғары, орта оқу орындары, орта, спорттық мектептер және қала тұрғындары қатысты.

Акция ҚР мемлекеттік Гимнің орындалумен басталды. Содан кейін телекөпір арқылы Астана қаласынан еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жиынды ашып берді. Ол жиналғандарды салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін аталмыш акцияны қолдауға шақырды.

Сонымен қатар, министр қазақстандық шенеуніктерге тән қасиетінен айнымады – сөздерінің «беташарын» мемлекеттік тілде бастап, ары қарай ресми тілде жалғастырып әкетті.

Кең байтақ еліміздің оңтүстік, солтүстік, батыс және шығыс облыстарын және Астана қаласын қамтыған мұндай акцияда әр аймақтың спорт өкілдері аталмыш бастама жөнінде өз ойларын жеткізді. Қазақы қаймағы ажырамаған оңтүстік өңірінен ОҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртайұлы Нұрбаев сөз сөйлеп, облысымызда 700 мыңға тарта адамның салауатты өмір салтын ұстанатынын және оңтүстік жастарының бұл акцияны әрдайым қолдауға дайын екендігін мемлекеттік тілде жеткізді.

Алаңға жиналған жастар «Сенің жаңа қырың» акциясын қолдау мақсатында жалпылама дене жаттығуларын жасап, флэшмоб ұйымдастырды. Сонымен қатар спорт мектептерінен балғын каратэшілер жаттығу көрсетілімін ұсынды.