Шымкентте жаңадан берілген үйдің төбесінен су сорғалап тұр

0
1 627

Шымкент қалалық әкімдігінің құрылыс бөліміндегілер бұл проблемадан хабардар. Мемлекеттік мекеме өкілдері бұл үйдің шатырына жөндеу жүргізіліпті мыс.


Шымкентте жаңадан берілген үйдің төбесінен су сорғалап тұр

ERNUR.KZ. Нұрсәт шағынауданындағы 135-ші үйдің шатырынан жаңбыр суы сорғалап, электр желілеріне құйылады. Сөйтіп электр сымадары тұйықталып, жарықсыз қалатын күндер көп.

"Бұл проблеманы айтып бармаған жеріміз жоқ. Сәл жаңбыр жауса болды үй терезесінен су сорғалап, қабырғалар сылағы үгітіледі. Жарықты қосуға қорқамыз, бірден шам жарылып кетеді," дейді тұрғындар.

Жаңбыр жауа бастағаннан пәтердің қай жеріне тегене қоярын бұл үй пәтерлеріндегі әйелдер жатқа біліп алған.

"Біз бұл пәтерді 2013 жылы алдық. Қоныстана салысымен жаңа үйдің шатырынан жаңбыр суы құйылды. Бұл үй балалар үйінің түлектері мен тұрмысы төмен отбасыларына берілген. Өз күшімізбен шатырды жөндей алмаймыз деп талай шырылдадық. Құлақ асқан ешкім" жоқ дейді тұрғындар.

Шымкент қалалық әкімдігінің құрылыс бөліміндегілер бұл проблемадан хабардар. Мемлекеттік мекеме өкілдері бұл үйдің шатырына жөндеу жүргізіліпті мыс.

"Бұл үй 2013 жылы пайдалануға берілген. Үйді салған мердігер компания екі жыл кепілмен соққан еді. Сол жылы ақ тұрғындардан шағымдар түскен. Мердігер компания шатырды 2013 және 2014 жылы жөндеп берген. Енді кепіл мерзімі аяқталды.Тығырықтан шығару жолдарын қарастырамыз. Тұрғындарға шатырға шығу жолын жауып тастауға кеңес береміз", дейді қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Ғалымжан Әмірбекұлы.

Сөйтіп, жаңбыр жауса үйін сел басардай қорқып қалған тұрғындардың мәселесі дәл қай уақытта шешілері әлі белгісіз. Шымкент қалалық әкімдігі нақты жауап бере алмады.