Шымкенттегі Қошқар ата өзені абаттандырылуда

0
4 263

Жобаның бірінші кезеңінде – аталмыш өзеннің екі бетінен 10 метр жерді құрайтын аймақ абаттандырылады. Сонымен 1200 метр жер халық серуендейтін демалыс орнына айналады.


Шымкенттегі Қошқар ата өзені абаттандырылуда

ERNUR.KZ. ОҚО әкімшілігінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдеріне Шымкент қаласының жаңак келбеті бойынша жасалған жобалар таныстырылды. Ең алдымен «Қошқар ата» жобасы бойынша өзен жағалауына салынатын көпқабатты тұрғын үйлер мен Қошқар ата өзенінің бойын абаттандыру макеті ұсынылып, оң бағасын алды.

Бұл ретте алға тартылған өзекті мәселе – көпқабатты үйлер, әлеуметтік нысандар, көпшілік пайдаланатын орындар, жол құрылысы т.б. салу үшін жеке қолға өтіп кеткен бірқатар телімдер мен құрылыс нысандарын мемлекет қажеттілігіне қайтару жағы сөз болды.

Осыған байланысты халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Жобаның бірінші кезеңінде – аталмыш өзеннің екі бетінен 10 метр жерді құрайтын аймақ абаттандырылады. Сонымен 1200 метр жер халық серуендейтін демалыс орнына айналады. Осыған байланысты жоба аясында Ордабасы алаңынан Өзбек көшесіне дейінгі 300 метр аяқ жол көгалдандырылып, абаттандыру жұмыстиары жүргізіліпті.

Жалпы «Қошқар ата» жобасы аясында жүргізілетін құрылыс жұмыстарына шамамен 1 223,0 млн. теңгедей қаржы жұмсалады екен.

Сонымен қатар Д. Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы жобасы ұсынылды. Екі кезең бойынша жүргізілетін жол құрылысының бірінші кезеңінде Түркістан көшесінен Әйтеке би көшесіне дейінгі ұзындығы 580 метр, ені 42 метрді құрайтын жол құрылысы жүргізілетін болса, екінші кезеңінде Әйтеке би көшесінен Володарский көшесіне дейін ұзындығы 480 метр, ені 42 метр болатын құрылыс жұмыстары атқарылады.