Шымкенттің бас полицейі халықтан «сүйінші» сұрады

0
3 864

​ERNUR.KZ. Шымкент қалалық Жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан енді тәртіп сақшыларының бейнежетондары үзіліссіз түсірілім жасайтынын жеткізді.


Шымкенттің бас полицейі халықтан «сүйінші» сұрады

Фото: Данияр Мейірханның желідегі парақшасынан алынды

ERNUR.KZ. Шымкент қалалық Жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан енді тәртіп сақшыларының бейнежетондары үзіліссіз түсірілім жасайтынын жеткізді. Бұл туралы қаланың бас тәртіп сақшысы өзінің желі парақшасында бөлісті.

«Полицейлердің видеожетондары енді үзіліссіз түсірілім жүргізеді. Бұған дейін қызметкерлерге қуаттағышты үнемдеу мақсатында құрылғыны сөндіруге тура келетін. Қосымша қуаттағыш құрылғылардың алынғанына өте қуаныштымын, енді жол патрульдік полиция қызметкерлерінің жұмыс уақыты түгелімен бақылауда болады. Айтпақшы, менің сіздерге кеңесім: егер де сізді жол ережелерін бұзғаныңыз үшін тоқтататын болса, келісіп немесе «досыңызға қоңырау шаламын» деп әуре болмаңыз. Жаңа құрылғы дауысты да сапалы жазады» деп мәлім етті Данияр Мейірхан. Бұл хабарлама желідегілерге тосын жаңалық болғанымен, арасында күмәнмен қарағандар да табылды. «Бұл ешнәрсені өзгертпейді. Сақтау жады бәрібір таусылады» деп пікір қалдырды Руслан Жанпейісов есімді қолданушы автор жазбасына. Бұл пікірге полицей «Руслан, кезекшілік уақытына жетеді. Видео барлық уақытты жазып алады. Қазір он қызметкер осы үшін кетіп жатыр. Маған сен, ілгерілеушілік бар» деген жауабын да қайтарды.