«Сібір жарасының алдын алу шаралары және Қызылша ауруының алдын алу» бойынша семинар-кеңесі өтті.
фото: rikb.ru
Түркістан облысы, Арыс қалалық ҚДСБ-сы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Ж.Утегенова медицина қызметкерлерінің арасында «Сібір жарасының алдын алу шаралары және Қызылша ауруының алдын алу» бойынша семинар-кеңес өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Кеңесте Ж.Утегенова қатысушыларға біраз мағлұматтар беріп өтті. Сібір жарасы (түйнеме) – зооноз тобындағы жедел жұқпалы ауру тобына жатады. Ол дене қызуының көтерілуімен, лимфа жүйесінің зақымдалуымен және ағзаның ауыр түрде улануымен сипатталатынын айта келе, Сібір жарасы терілік, өте сирек ішектік, өкпелік және сепсистік формада өтуі мүмкінекендігін еске салды.
Бас маман бұдан бөлек, аурудың қоздырушысы – таяқша пішінді, қозғалмайтын аэробты бактерия. Бұл бактериялар адам мен жануарлардың ағзасынан тыс жерлерде споралар түзуге қабілетті және олар физикалық-химиялық әсерлерге өте төзімділік танытып, қоршаған ортада ондаған жылдарға дейін сақталады.
Сібір жарасын адамға жұқтырушы көз – үй жануарлары (ірі қара мал, қой, ешкі, түйе, шошқа) болып табылатынын айтты. Ал, адамға аурудың жұғу жолы көбінесе жанасу арқылы (малды сою кезінде терісін түсіруде немесе мал терісін өңдеуде) және бактерияның спораларымен ластанған тағамдар мен ауыз суын ішп-жеуде және ластанған топырақты егістікте қолдануда жұғуы мүмкін. Сонымен қатар, ауру адамнан адамға жұқпайтынын да ескертіп, қатысушыларға көптеген кеңестер беріп өтті.