Созақ ауданының орталығынан екі жаңа аудан бой көтереді

0
1 541


Созақ ауданының орталығынан екі жаңа аудан бой көтереді

ERNUR.KZ. «Түркістан облысы Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында екі бірдей жаңа аудан бой көтереді», деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір онда 10 пәтерлі екі қабатты 2 қызметтік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жақында тағы да 2 қабатты 92 пәтерлі 14 үйдің іргетасы қаланбақ.

«Жеткіншек» елдімекенінің жанынан 120 гектар жер бөлініп, оған 221 млн теңгеге инженерлік-инфрақұрылым тартылған. Аудандағы құрылысқа жауапты мамандардың айтуынша, бұл жерге 500-ге жуық үй түседі. Қазір онда 10 пәтерлі екі қабатты 2 қызметтік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Жақында тағы да 2 қабатты 92 пәтерлі 14 үйдің іргетасы қаланбақ. Одан бөлек, 1 қабатты 30 үй бой көтереді. Қазына қаржысына салынған жаңа баспаналар аудандық әкімдікте үй кезегінде тұрған жас мамандар мен жас отбасыларға, мұғалімдер мен дәрігерлерге және ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне беріледі.

Ал екінші ауданның құрылысына 60 гектар жер бөлінген. Онда 200-ден аса жер теліміне инфрақұрылым тартылған. Ал қалған жер телімдері жекеменшік үй салушыларға беріледі. Жалпы Созақ ауданында жер теліміне кезек жоқ. Жаңа салынып жатқан үйлердің барлығына жергілікті құрылыс материалдары пайдаланылады.

Әнуарбек Асылбеков, Созақ аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Мердігер мекемелерге негізінен отандық өнімдерді (плиталар) пайдалану тапсырылды. Біздің ауданда 2 қабатты 3 үй салынатын болып белгіленген. Оған 155 млн теңге қаржы бөлінген. Оның 2-уі осы Шолаққорғаннан, қалғаны Созақ ауылынан салынады.