Созақта «Үлгілі үй», «Таза мекеме», «Белсенді мекеме», «Көрікті көше» иегерлері анықталды

0
2 600

Созақ ауданының әкімі Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген салтанатты жиында «Үлгілі үй», «Таза мекеме», «Белсенді мекеме», «Көрікті көше» номинациялары бойынша бірқатар азаматтар мен аудандық бөлімдерге ақшалай сыйлық табыстады


Созақта «Үлгілі үй», «Таза мекеме», «Белсенді мекеме», «Көрікті көше» иегерлері анықталды

Түркістан облысы, Созақ ауданының әкімі Полатов Салыхан Сабырұлы 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген салтанатты жиында «Үлгілі үй», «Таза мекеме», «Белсенді мекеме», «Көрікті көше» номинациялары бойынша мекемелер мен ауыл округтерін және аудан тұрғындарын марапаттап, қаржылай сыйлық табыс етті, деп - хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

16 желтоқсан – ата-бабамыз аңсаған, арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған ұлы күн. Қазақстанның алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілгеніне 27 жыл. Қазақстан Республикасының осындай биіктікті бағындыруына еліміздің барлық аймақтарының азаматтары сүбелі үлес қосып келеді.

Түркістан облысы, Созақ ауданының әкімдігі ауданды көркейту мақсатында жыл сайын түрлі номинациялар ұйымдастырып, тәуелсіздік мерекесі күні жеңімпаздарды анықтауды дәстүрге айналдырған.

2018 жылдың қорытындысы бойынша, биыл да тарихи мерекеге арналған салтанатты жиында Созақ ауданының басшысы Полатов Салыхан Сабырұлы әкімшілік жұмыс орындарында ішкі және сыртқы көрнекіліктерін жаңартып, ауласын тазалап, көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін «Таза мекеме» номинациясы бойынша І орынмен «Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» бөлімін марапаттады.

«Үлгілі үй» номинациясы бойынша Созақ ауданы Қарағұл ауыл округінің тұрғыны Мұстафаев Жанболға 100 мың теңге, Тасты ауыл округінінен Әнуарбек Қадырбаев пен Құмкент ауыл округінен Шораев Ғабитқа 80 мың теңге табысталды. Сонымен қатар, Таукент кенітінің тұрғыны Дүрменов Бекжан мен Созақ ауыл округінің тұрғыны Таңатаров Өмірзақ және Жартытөбе ауыл округінен Әлжаппаров Жангелді 60 мың теңге ақшалай сыйлық алды.

«Таза мекеме», «Белсенді мекеме», «Көрікті көше» номинацияларының жеңімпаздары да марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды.