"ТІРІ ҚАЛАЙЫҚШЫ": Зардап шеккендер Арыстағы болған оқиғаны айтып берді (видео)

0
5 198

Жарылыс кезінде арыстықтар бастан өткен оқиғасын айтып берді.


Түркістан облысы, Ордабасы ауданы "Тәуке хан" атындағы жалпы орта мектебінде орналасқан уақытша қабылдау пунктінде Арыс қаласынан зардап шеккен азаматтар өздері куә болған оқиға жайында айтып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Баламның денсаулығы жоқ 2-ші топтағы мүгедек Сарыағаштағы мешітте деп естіп жатырмыз. Күйеуімнің қай жақта екенін білмеймін. Қазір осында қызымыз екеумізбіз. Үйді қоя берші, бала-шағамыз, күйеуім аман болса екен деймін", - дейді Арыс қаласының тұрғыны Оразкүл Молданова.

"Апаттан қашқанбыз, қорқанымыздан. Тірі қалайықшы деп. Ондай жарылыстың ешкімнің басына бермесін!", - қала тұрғыны Айнұр Молданова.

"Біз 5 сағаттай жайлауда отырдық. Онда жігіттер бізден 20-30 метр ары жарылмай қалған снаряд тапты. Сөйтіп төтенше жағдай қызметкерлері келіп бізді алып шықты", - дейді әскери бөлімінің лаборанты Ирина Павленко.

Зардап шеккен азаматтарға бүгінде барлық жағдай жасалған. Олардың айтуынша аяқ-киім, киім-кешек бәрі берілген. Осындай жағдай жасап, көмек көрсетіп отырған азаматтардың бәріне алғыстарын білдіруде.