Төлеби әкімі ел аралап жүр

0
2 516

Әр аптаның дүйсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.


Төлеби әкімі ел аралап жүр

Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өтініштердің негізгі тақырыптары еңбек қатынастары, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік және тұрмыстық мәселелер болды.

Қабылдауда өтініш білдірген азаматтардың әрбір сұрағы мұқият қаралып, аудан әкімінің орынбасары немесе тиісті бөлімдерге жіберілді.
Жалпы 2018 жылдың шілде айында аудан әкімінің жеке қабылдауында – 33 азамат болды. Өтініштердің 6-ы жер мәселесіне, 3-і әлеуметтік жағдайына, 10-ы тұрғын үй мәселесіне, 2-і білім мәселесіне, 12-сі ауыз су, жол, газ, электр энергиясына қатысты сауалдар қойылды.
Өтініштердің 4-уі оң шешімін тапты. Мысалы, Қоғалы ауылдық округі, Диханкөл елдімекені, Бәйтерек көшесінің тұрғыны Нұржан Жайлаубаев ауыл тұрғындары атынан орталық ауыз су жүйесіндегі кемшіліктер бойынша сауалмен аудан әкімінің жеке қабылдауында болды.
Осы мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін аудан әкімі Б.Омарбеков Диханкөл ауылына арнайы сапармен барып, су жүйесінде орын алған кемшіліктерді жою бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берді. Ауыл қариялары өздерінің айтқан өтініштерін жерге тастамай арнайы уақыт бөліп келгені үшін аудан әкімі Б.Омарбековке алғыстарын білдірді. Қазіргі уақытта, су жүйесін ретке келтіру бойынша, «Ленгер су» мекемесі тиісті жұмыстарды атқаруда.
Естеріңізге сала кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр аптаның дүйсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырып жүрген мәселелерін айтып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады.
Алдын-ала жазылуды Төлеби ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Хайтметова Камиля Заманқызы жүргізеді. Қосымша ақпарат алу үшін 8(72547)6-13-70 нөміріне хабарласуларыңызға болады.