Төлеби ауданында туризм саласы дамитын болады

0
1 817

​Аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен кезекті әкімдік отырысы өтті.


Төлеби ауданында туризм саласы дамитын болады

Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі ауыл округтеріндегі жағдайларды реттеуге және туризм саласын дамытуға нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында ауданда туризмді дамыту мәселелері мен перспективалары туралы (М.Өсербаев — аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы) және аудан аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық – тазалық бойынша атқарылған жұмыстар туралы (Н.Оспанов — аудандық ТҮКЖ, ЖК және АЖ бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы) баяндамалар тыңдалды.

Аудан басшысы есептерді тыңдап шығып, нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, біріншіден, барлық қала, ауылдық округ әкімдеріне көгалдандыру бойынша егілген ағаштарды қоршау, суғару, күтіп - баптау жұмыстарын тұрақты жүргізуді тапсырды. Екіншіден, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Өсербаевқа ауданда қысқы туризмді дамыту, сервистік инфрақұрылымды, туризмдік маркетингті және қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстар атқаруды межеге алды.

Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Қ.Мирқасовқа қала, ауылдық округтеріндегі көше қоршауларын, түнгі жарық шамдарын сындыру бойынша жасалатын бұзақылық іс-әрекетердің жолын кесу, анықтау және тиісті шара көру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.