Төлебиде мереке қарсаңында тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтылды

0
1 410

Халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында жасалып жатқан осындай игі іс-шаралар егемендіктің арқасында келіп жатқан дүниелер.


Төлебиде мереке қарсаңында тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы Төлеби ауданы, Зағамбар елді мекенінің тұрғындарына таза ауыз су берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Зағамбар елді мекенінің 4800 астам тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылды.

Ауыз суды тарату нысанының салтанаты ашылу рәсіміне аудан әкімі Бауыржан Бақытұлы Омарбеков және аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Хамзаұлы Қойбағаров және де ауыл тұрғындары қатысты.

«Тәуелсіздік күні қарсаңында Зағамбар елді мекенінің тұрғындары сапалы ауыз су тұтынатын болды. Елдің игілігі үшін салынып жатқан нысандардың барлығы да елдің жағдайын көтеру, тұрмысын түзеу ел егемендігінің арқасында жүзеге асып жатыр», – деді аудан басшысы Бауыржан Омарбеков.

Айта кетсек, кұрылыстың сметалық құны: 444,139 млн теңге. Мердігер мекеме: «Монолит-Дизайн-2030» ЖШС.

Тапсырыс беруші: «Төлеби аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Дереккөз: Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі