​Төлебиде модульді медициналық пункттердің саны артуда

0
1 581

Оңтүстік және Жоғарғы Қасқасу ауылдарында орнатылған медициналық нысандар толығымен пайдалануға дайын. Жақын күндері Әңгірата, Ақайдар, Алшалы, Төңкеріс, Қорған ауылдарындағы МП-дің монтаждау-жөндеу жұмыстары аяқталып, медициналық жабдықтар әкелінеді.


​Төлебиде модульді медициналық пункттердің  саны артуда

Биыл Төлеби ауданында 7 елді мекенге орнату жоспарланған модульді медициналық пункттердің құрылысы аяқталуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оңтүстік және Жоғарғы Қасқасу ауылдарында орнатылған медициналық нысандар толығымен пайдалануға дайын. Жақын күндері Әңгірата, Ақайдар, Алшалы, Төңкеріс, Қорған ауылдарындағы МП-дің монтаждау-жөндеу жұмыстары аяқталып, медициналық жабдықтар әкелінеді.
Ғимараттарда тамбур, күту-қабылдау, процедуралық емшара, персонал, стерилдеу, дәрілік заттарды сақтау, санитарлық бөлмелерімен қойма, санузел болады.
Біздің ауданымызда сэндвич-панельдерден жасалған модульді МП өткен жылы алғаш рет Бірінші Мамыр ауылдық округінің Ынтымақ ауылында тұрғызылып, бүгінде толық режимде жұмыс жасауда.
Жаңа МП-тер электр қуатымен жылытылады. Қыстыгүні, жүйе ішіндегі температура 25 градус, ал ғимарат ішінде – 24 градус жылы болады.
Ауданда модульдік МП-терді салу ағымдағы жылдың басынан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасы бойынша жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде ауылдық жерлердегі медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігі турасындағы мәселелерді шешеді.
Осылайша, ауыл-аймақта Елбасы көтеріп жүрген денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты ережелерінің бірі жүзеге асырылуда. МП құрылысы процесіне «Кяклы» ЖШС-і сияқты жергілікті кәсіпорындар қатысуда.
Ал келесі жылы тағы Төлебиде 1 МП, 7 ФАП салу жоспарланып отыр.