Төлебиде партия ұйымдары Жолдауға үн қосты

0
1 608

Жиында Жолдауда қойылған міндеттерді қалыптастыруда әр саланың үлкен маңызға ие екендігі айтылды.


Төлебиде партия ұйымдары Жолдауға үн қосты

Төлеби ауданы №5 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Нұрлы Жол-болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сапасын арттыру" атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

Жиынды Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлепов ашып жүргізді.

Ел тұрғындарының өмірі мен тұрмысын сапалы жақсарту, экономикасы дамыған, мемлекеттің әлеуеті жоғары, Жолдауда қойылған осы міндеттерді қалыптастыруда үлкен маңызға ие.

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында жалпы ел бойынша республикалық, облыстық, қалалық және аудандық ақпараттық-насихаттау топтары құрылған, жыл бойы халықпен кездесулер жиі өткізіліп тұрады.

Осы мақсатта Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты және "Қазақстан Коммунистік Халық партиясы" фракциясының мүшесі Смирнова Ирина Владимировна және ОҚО комитетінің бірінші хатшысы Қадырқұлов Нұрлан Қалдарұлы келді.

Сонымен қатар, №5 мектеп-гимназиясының ұжымы, зиялы қауым, этномәдени орталықтардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесуде көрермендер белсенді қатысып, пікір алмасып, сұрақтар қойып отырды.

Жиын соңында «Біздің міндетіміз Жолдауды насихаттау және халыққа дұрыс жеткізу. Осы міндетті орындау үшін осы кездесуді ұйымдастырып, пікір алмасқысы келетіндерге алғысымды білдіремін» - деді аудан әкімінің орынбасары.