Түркістанда Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

0
2 338

Ғылыми конференцияның мақсаты - Орбұлақ шайқасындағы жеңіске 375 жыл толуына орай бабалардың ерлігін ұлықтау сонымен қатар түркі халықтарының рухани пірі Қожа Ахмет Ясауи мұраларының тарихтағы орны және отандық музей саласындағы актуалды проблемаларды сараптау, талдауға арналған.


 Түркістанда Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандарының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы рөлі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ғылыми конференцияның мақсаты - Орбұлақ шайқасындағы жеңіске 375 жыл толуына орай бабалардың ерлігін ұлықтау сонымен қатар түркі халықтарының рухани пірі Қожа Ахмет Ясауи мұраларының тарихтағы орны және отандық музей саласындағы актуалды проблемаларды сараптау, талдауға арналған. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, киелі жерлерді кеңінен таныту, тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау, насихаттау арқылы келешек ұрпақ кәдесіне жарату мәселелері де жиында сөз болды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Конференция жұмысына «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов, ҚР Ұлттық музейдің аға ғылыми қызметкері Жұмакүл Абсеметова , Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ оқытушысы, т.ғ.д., профессор Тұрсын Хазіретәлі, Қарағанды облысы бейнелеу өнері музей директорының орынбасары Темірғали Аршабеков , «Абылай хан резиденциясы» музейінің директоры Аян Садаев , Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Сая Газимова , Ш.Уәлиханов атындағы музей директоры Көлібаев Уәлихан, Ордабасы қорық-музейінің Бас қор сақтаушысы Бақытжан Касимов , «Ежелгі Тараз» есекрткіштері қорық-музейінің аға ғылыми қызметкері Жазира Шілдебаева , Қызылорда облысы, ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері Дархан Көкебаев , Отырар қорық музейінің кіші ғылыми қызметкері Ерқожа Абдухахитов , Ғ.Мұратбаев музейінің ғылыми қызметкері Алтынай Жадырасынова сынды тарих, филология, философия, шығыстану, мәдениеттану салаларының ғалымдары мен мамандары қатысты.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов Орбұлақ шайқасындағы жеңіске 375 жыл толуына орай өткізілген конференция барысында «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау хатын оқып берді.
Министр құттықтау хатта "Осындай өзекті мәселелерге арналған басқосулар ел мәдениетінің өркендеуі мен тарихи санамыздың жаңғыруына әкеледі. Батыр бабаларымыздың азаттық жолындағы қайраткерлік күрестеріне арналған бүгінгі конференция төл тарихымызды тереңірек зерттеуге, ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін"-деп, өз пікірін білдірген.
Сонымен қатар, конференция барысында «Киелі жерлер – ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны», «Орбұлақ шайқасы туралы деректер сыр шертеді», «ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік тарихы», «Жоңғар хандығының қазақ даласына жасаған жорықтары», «Жалаңтөс баһадүр», «Орбұлақ шайқасындағы – Салқам Жәңгір» сынды баяндамалар оқылды.