ОҚО: Тұрбатты берекеге бөлеген жылыжайлар

0
1 669

210 тонна қызанақ, 140 тонна қияр өнімдерін бір жыл ішінде алу кез келген кәсіпкердің қолынан келмейді. «Жердің жайын баптаған білер» деген тәмсіл тұрбаттық шаруалар үшін ұран секілді.

«Сайдусман ата» шаруа қожалығы 2012 жылы жылыжай ісін қолға алған. Онда көкөніс өнімдерімен қоса көшеттері де өсіріледі. Тапсырыс берсеңіз жетіп жатыр. 30-35 күнде қияр, екі ай қызанақтың көшетін алып кете барасыз. Ауыл, аудан, облыс, тіпті Астана базарларынан тапсырыс берушілер көптеп келеді екен.

Жылыжайда қазіргі таңда 35 адам жұмыспен қамтылып отыр. Оларға кәсіпкер Сайдали Тұрсынов 40-50 мың теңге жалақы төлейді.