Тұрғындар «Таза өлке – Түркістан» науқанына атсалысты

0
414

Іс-шара барысында мекеме ғимараттары әктеліп, шарбақтарға бояу жағылды.


Тұрғындар «Таза өлке – Түркістан» науқанына атсалысты

Мақтаарал, Сайрам аудандары «Таза өлке – Түркістан» науқанына атсалысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


10 сәуір мен 11 мамыр аралығында Түркістан облысында «Таза өлке – Түркістан» науқаны басталды. Осы орайда Мақтаарал ауданында мемлекеттік мекемелер тазалық жұмыстарына белсене атсалысуда. Әсіресе, «Мақтаарал сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Мырзакент қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Шолпан» балабақшасы, «Достық» дәрігерлік амбулаториясы мен Мырзакент кенті әкімі аппараты, Жаңажол ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері өз аумақтарында тазалық жұмыстарын тынымсыз жүргізуде.


Іс-шара барысында мекеме ғимараттары әктеліп, шарбақтарға бояу жағылды. Сондай-ақ қураған шөптер шабылып, ағаштар әктеліп, гүлдер егілді. Сонымен қатар күл-қоқыстар шығарылды.


Ал Сайрам ауданы бойынша тазалық науқанына Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен бөлімнің бағынысындағы «Әлеуметтік қызмет көрсету» орталығының қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда, аумақты қоқыстан арылтып, ағаш түптерін ақтап, ауданымыздың тазалығына өз үлестерін қосты.