ТҮРКІСТАН: 10 мың түп павлония ағашы егілді

0
2 165

Түркістан қаласын дамытудың Бас жоспарының жобасында қала айналасында жасыл белдеу құруға 7700 гектар жер белгіленген. Аталған аумақты біркелкі орманға айналдыру мақсатында кезең-кезеңімен жұмыстар жүргізілетін болады. Атап айтқанда, жасыл белдеудің 2019 жылы 2000 гектар жерін игеру жоспарланып отыр.


ТҮРКІСТАН: 10 мың түп павлония ағашы егілді

Түркістан қаласында әлемдегі ең жылдам өсетін павлония ағашының 10 мың түбі отырғызылды - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Павлония сынды ағаштың көшетін көбейту керек. Алдағы уақытта осыған арналған арнайы тұқымбақ салуымыз тиіс. Себебі, оңтүстің өңірінің климаты павлония ағашын өсіруге өте қолайлы», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Мамандардың сөзінше, павлония ағашы жылына 5 мертге дейін өседі. Ал бойы 25 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ, 6 апта гүлдеп тұрады. Еуропа елдерінде жиһаз жасауға осы ағашты қолданады. Одан бөлек, қайық, шаңғы, теннис ракеткасын, музыкалық аспап тағы басқа да бұйымдар дайындауға болады.

Бүгінгі таңда, Түркістан қаласын дамытудың Бас жоспарының жобасында қала айналасында жасыл белдеу құруға 7700 гектар жер белгіленген. Аталған аумақты біркелкі орманға айналдыру мақсатында кезең-кезеңімен жұмыстар жүргізілетін болады. Атап айтқанда, жасыл белдеудің 2019 жылы 2000 гектар жерін игеру жоспарланып отыр.

Түркістан қаласы айналасынан жасыл белдеу құру мақсатында бүгінде 488 гектар жерге 203 496 түп ағаш көшеттері (қарағаш, бадам, өрік, терек, жиде) егілген. Сонымен қатар, бүгінде 2-кезең бойынша Арыс-Түркістан каналы бойындағы жерлерді жаппай жырту және ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жасыл белдеуге егілетін көшеттерді өндіру мақсатында 300 гектар жерге тұқымбақ ашып, оның 30 гектар аумағына ағаш тұқымдарын себу және 1212 гектар жерді жыртып, 100 гектарына ағаш көшеттерін егу жұмыстары атқарылмақ.