​ТҮРКІСТАН: 100 жасар кейуана үміткерлерге батасын берді

0
2 799

1922 жылы өмірге келіп ашаршылық, Ұлы Отан соғысы секілді қасіретті жылдарды көзі көрген қос ғасырдың куәсі бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның жағдайына шүкіршілік айтады.


​ТҮРКІСТАН: 100 жасар кейуана үміткерлерге батасын берді

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Алданияз Жолдасов пен Гүлмира Орақбаева бүгін Еңбекші ауылдық округінің Шұғыла елді мекенінде болды. «КАНВАССИНГ» шарасы аясында үміткерлер ғасыр жасаған Лескүл Мамбетованың үйінде болды. Қарт анамен тілдесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Алдағы 5 жылда жүзеге асырылуы тиіс жұмыстардың жоспарымен таныстырды. 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.
1922 жылы өмірге келіп ашаршылық, Ұлы Отан соғысы секілді қасіретті жылдарды көзі көрген қос ғасырдың куәсі бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның жағдайына шүкіршілік айтады. «Nur Otan» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан бағдарламаларға жоғары бағасын берді.
Жыл сайын зейнетақы, шәкіртақылармен қатар педагогтардың жалақыларының, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың өсуі, заманауи зәулім ғимараттардың бой көтеруі – партиялық бақылау бекеттерінің жұмысының тиімділігі мен нәтижесі екендігін айтады. Алдағы сайлауда партияның бастамасы мен басымдықтарын қолдап, дауыс беретіндігін айтқан Лескүл Мамбетова үміткерлерге батасын беріп, сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді.